КазГЮИУ заң факультетінің базасында студенттік заң клиникасы өз қызметін жүзеге асырады, онда оқытушылар мен студенттер Семей қаласы, Абай көшесі, 94, 4-кабинет мекен жайы бойынша халыққа тегін құқықтық кеңес береді.
Коронавируспен карантинді енгізуден туындаған эпидемиологиялық жағдайға байланысты тегін заңгерлік кеңес онлайн режимінде 24/7 жүргізіледі. Азаматтар бізге Instagram әлеуметтік желісінде @zakonideti, @potrebitelvkoжәне @urfak_lifeжазаалады, сондай-ақ +7 777 426 03 00 нөміріне дүйсенбіден жұмаға дейін cағат 10.00-17.00 хабарласуға болады.
Студенттік заң клиникасы өз жұмысын азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Т.Б. Касиевтің басшылығы мен жүргізіледі.