Жаңалықтар

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы

«Жас заңгерлердің достастығы» қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАО-ның мемлекеттік гранты бойынша «Шығыс Қазақстан облысында тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі шараларды өткізу» әлеуметтік жобасын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырады.

2020 жылдың 23 қарашасында әлеуметтік жобаның қорытындысы бойынша есеп беру кездесуі өткізілді.

Әлеуметтік жоба теориялық және практикалық маңызға ие болды және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы проблемаларды шешуге бағытталған. 202-ден астам азамат тегін заңгерлік кеңес алды.

ШҚО Семей қаласы, Мәңгілік Ел көшесі  11, 28 кабинетте консультациялық кеңсеге, сондай-ақ @potrebitelvko инстаграмм аккаунты, Facebook әлеуметтік желісі және www.of-smu.kz веб-сайты арқылы келіп, сұрақтарына жауап ала алды.

Халық тытұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттандыру үшін 10-нан астам тақырыптық пост құрылды, 19 305 қаралымға ие болған 10 инфографика және 4 видео 28 800-нан астам қаралды.

400-ден астам ақпараттық-құқықтық материалдар дайындалды, олар білім беру іс-шараларын өткізу кезінде таратылды. Сондай-ақ, 50 дана көлемінде жастармен жұмыс жөніндегі мамандар мен жаттықтырушыларға арналған жастарға құқықтық білім беру бойынша әдістемелік құрал жасалды.

Заң факультетінің студенттеріне арналған құқықтық мектептер өткізілді, онда 20-дан астам адам қатысты. Нәтижесінде 10 жаттықтырушы команда іріктеліп алынды, олар өз өңірлерінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы білім беру құқықтық іс-шараларын өткізетін болады.

Сондай-ақ, жастарға, ҮЕҰ өкілдеріне және ҚР халқына семинар-тренингтер мен дәрістер өткізілді. 500-ден астам адам тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы туралы объективті ақпараталды.

@qogam.gov.kz @potrebitelvko @cisc_official
#smu2020-2 #cisc2020 #qogamgov