Жаңалықтар

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау

2020 жылғы 13 қазаннан 20 қарашаға дейін ШҚО жастары, ҮЕҰ өкілдері және тұрғындары арасында осы тақырыпта құқықтық семинар-тренингтер өткізілді: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» жобасына 500-ден астам адам қатысты.

Іс — шараның негізгі мақсаты-тұтынушыларды қорғау туралы заң наманың бұзылуын болдырмау, ШҚО тұрғындарын өз құқықтарын қорғаудың негізгі тетіктеріне үйрету және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Аталған іс-шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен @cisc_official «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ынтымақтастығымен «Шығыс Қазақстан облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар өткізу» әлеуметтік жобасы аясында «Жас Заңгерлер Достастығы» ҚҚ өткізді. qogam.gov.kz

Семинар-тренингте қатысушылар Шығыс Қазақстан облысындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы қазіргі жағдай, тұтынушылардың құқықтарын іс жүзінде қорғауға боладыма және оны қалай жасауға болатындығы туралы ақпараталды. Семинар қатысушыларына өз бетінше немесе «Жас Заңгерлер Достастығы» ҚҚ көмегімен бұзылған құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге қол жеткізген тұтынушылардың нақты табыс тарихы ұсынылды.

Сонымен қатар, әлеуметтік-құқықтық бейне роликтер, инфографикалар көрсетіліп, ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңына енгізілген жаңалықтар туралы айтылды