06 Қараша 2020 ж. зум платформасында заңгерлердің 56 студентіне арналған онлайн құқықтық мектеп өтті.
Мектептің басты мақсаты жастар арасында құқықтық сауаттылық идеяларын тарату үшін заңгер-студенттер қатарынан жаттықтырушылар командаларын құру және олардың жұмыс істеуі болып табылады.
Мектеп аясында адам құқықтарын қорғау механизмдері, қоғамның құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру, білім беру процесінің бөлігі ретінде құқықтық сауаттылық мәселелеріне арналған пікір таластар, дәрістер мен семинар-тренингтер өтті.
Мектептің міндеттері құқықтық сауаттылықты насихаттау, құқықтану саласындағы мамандарды даярлау сапасын арттыру, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру үшін жаттықтырушыларды оқыту, студенттердің өз мамандығына қызығушылығын арттыру, студенттерді әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге тарту болды. Мектепке қатысуға «Құқықтану», «Құқық қорғау қызметі», «Халық аралық құқық» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын жоғары оқу орындарының студенттері жіберілді.
Бұл мектеп қатысушыларға сыни ойлауды, көш басшылық әлеуетті және азаматтық қатысуды дамыту үшін білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік берді. Іс-шараға 56 адам қатысты, теориялық білімді меңгергеннен кейін волонтерлік негізде құрылған жаттықтырушылар командалары құқықтық білім беру іс-шараларына қатысып, өз қалаулары бойынша өткізетін болады.