Жаңалықтар

Ынтымақтастық туралы Меморандум

2020 жылғы 22 қазанда Өскеменде РММ  «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» «Жас заңгерлер достастығы» қоғамдық қорымен өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды.

Осы Меморандумның мәні тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тараптардың өзара іс-қимылы болып табылады.

Тараптардың өзара іс-қимылы олардың ақпараттық және техникалық ресурстарының тәжірибесін пайдалану, тұтынушылардың құқықтарын қамтамасыз етудің және қорғаудың өзекті мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар мен жұмыс топтарын жоспарлаудағы және іске асырудағы ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара әдістемелік және консультациялық көмек көрсету жолымен жүргізіледі.

РММ  «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» «Жас заңгерлер достастығы» қоғамдық қорымен консультациялық қызметтер көрсету саласында ынтымақтасатын болады, тәжірибе мен білім алмасу, тиісті қызмет салаларында жинақталған, тараптар өкілдерінің семинарларға, конференцияларға, бизнес-форумдарға, дөңгелек үстелдерге және басқа да іс-шараларға қатысуы арқылы, Шығыс Қазақстан облысының азаматтары мен кәсіпкерлерінің құқықтық сауаттылығын, құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыруға, тұтынушылар құқығын қорғау бойынша кәсіпкерлер мен ұйымдар тарапынан теріс пайдалану фактілеріне жол бермеу бойынша бірыңғай тәсілдерді әзірлеуге, заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Аталғаніс-шара «Жас заңгерлердің достастығы» қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАО-ның мемлекеттік гранты бойынша «Шығыс Қазақстан облысында тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі шараларды өткізу» әлеуметтік жобасын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырады.

@cisc_official   @qogam.gov.kz

#potrebitelvko1 #cisc2020 #qogamgov