Жаңалықтар

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық мектеп

«Жас Заңгерлер Достастығы» ҚҚ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде «Шығыс Қазақстан облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар өткізу» әлеуметтік жобасын іске асырады.

2020 жылдың 1-2 қыркүйегінде осы бағдарлама аясында КазГЮИУ заң факультетінің студенттері үшін ауқымды іс-шара өтті.

1 қыркүйек күні КазГЮИУ демалыс базасында танысу, тимбилдинг, команда құру ойындары, студенттер үшін шығармашылық байқаулар өткізілді.

КазГЮИУ бас корпусында оқудың екінші күні 30-ға жуық студент үшін адам құқықтарын қорғау тетіктері, қоғамның құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру, білім беру процесінің бір бөлігі ретінде құқықтық сауаттылық мәселелеріне арналған пікір таластар, дәрістер мен семинар-тренингтер ұйымдастырылды.

Мектептің басты мақсаты – тұтынушылар құқығын қорғау саласында жастар арасында құқықтық сауаттылық идеяларын тарату үшін заңгер-студенттер қатарынан жаттықтырушылар тобын құру және олардың жұмыс істеуі.

Бұлтуралы «ҚазИГЗУ Бизнес – инкубаторы» орталығының басшысы Д. Е. Смағұлов айтып берді.

#smu2020-2 #cisc2020 #qogamgov