Жаңалықтар

Онлайн құқықтық мектебі

2020 жылдың 31 мамырында Webex онлайн платформасында құқықтық мектепөтті. Шәкәрім университеті мен Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің студенттері қатысты.

Мектептің басты мақсаты – тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында жастар арасында құқықтық сауаттылық идеяларын тарату үшін заңгер – студенттер қатарынан жаттықтырушы командаларын құру және қызмет ету болып табылады.

Мектеп шеңберінде адам құқықтарын қорғау саласындағы адам құқықтарын қорғау механизмдеріне, қоғамның құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыруға, білім беру үдерісінің бір бөлігі ретінде құқықтық сауаттылыққа арналған пікір таластар, дәрістер және семинар-тренингтер өтті.

Аталған іс-шара «Жас Заңгерлер Достастығы» ҚҚ «Шығыс Қазақстан облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шараларды өткізу» әлеуметтік жобасы аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ұйымдастырылды.