Жаңалықтар

Жастарға арналған құқықтық сауаттылық сағаты

2019 жылдың 15-17 қараша күндері Семей қаласында заңгер-студенттерге арналған облыстық құқықтық күзгі мектеп өткізілді. Іс-шараға Қазақстан-Американдық Еркін университетінің, Шәкәрім университетінің және Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің студент-заңгерлері қатысты.

Мектептің басты мақсаты-тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында жастар арасында құқықтық сауаттылық идеяларын тарату үшін заңгер – студенттер қатарынан жаттықтырушы командаларын құру және қызмет ету болып табылады.

Мектеп шеңберінде адам құқығын қорғау механизмдеріне, қоғамның құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыруға, білім беру үдерісінің бір бөлігі ретінде құқықтық сауаттылыққа арналған пікірталастар, дәрістер және семинар-тренингтер өтті.

Нәтижесінде 20 заңгер студент жастармен жұмыс істеуге және құқықтық сауаттылықты арттыруға дайын.
Аталған іс-шара «Жас Заңгерлер Достастығы» ҚҚ «Шығыс Қазақстан облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шараларды өткізу» әлеуметтік жобасы аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң Университетімен ынтымақтастықта ұйымдастырылды.