Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шара өткізу

«Жас заңгерлер достастығы» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАО-мен бірлесе отырып «Шығыс Қазақстан облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шара өткізу» жобасын жүзеге асыруда.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2019 жылғы сәуір-қараша

Грант мөлшері: 3 142 000 теңге

Әлеуметтік жобаның мақсаты:

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында Шығыс Қазақстан облысы азаматтарының құқықтық білімі мен құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу.

 

Әлеуметтік жобаның міндеттері:

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарын ақпараттық қамту;

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына тегін заңгерлік көмек көрсету;

Тұтынушыларға қолданылатын заңдар, құқықтар, бостандықтар мен міндеттер туралы білім беру.

Сіздерді ынтымақтастыққа шақырамыз!

 

Жобаның үйлестірушісі – Смағұлов Диас, ОФ «СМЮ» қоғамдық қоры, Семей қаласы, тел .: 8775-103-32-33 веб-сайт: www.of-smu.kz, e-mail: of_smu@mail.ru