Тұтынушы

Тұтынушылар құқығын қорғау сотына жүгіну

Егер бір мәселе бойынша 10-нан астам тұтынушының құқығы бұзылса, сотқа кім жүгінетінін білесіз бе?

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган бір мәселе бойынша оннан астам тұтынушының құқықтары бұзылған жағдайда тұтынушылардың белгісіз шеңберінің құқықтарын қорғау туралы сотқа жүгінеді.

 

Сенім телефондары

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті +7 (7172) 74-33-82

 

Комитеттің аумақтық департаменттері

 

1

 

Шығыс Қазақстан облысы

 

+7 (7232) 61-41-20

 

Сонымен бірге, басқа мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде сол мәселе бойынша оннан астам тұтынушының құқықтары бұзылған жағдайда тұтынушылардың белгісіз шеңберінің құқықтарын қорғау туралы сотқа жүгінуге құқылы.

Тұтынушылар құқығын қорғау туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңы.

5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

10) бір мәселе бойынша оннан астам тұтынушының құқықтары бұзылған жағдайда тұтынушылардың белгісіз шеңберінің құқықтарын қорғау туралы сотқа жүгінуге;

 

6-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті

 

Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:

 

7) бір мәселе бойынша оннан астам тұтынушының құқықтары бұзылған жағдайда тұтынушылардың белгісіз шеңберінің құқықтарын қорғау туралы сотқа жүгінуге;